“Кітап – менің адал досым” атты таным сағаты


2 Сәуір балалар кітап күніне орай Қ.Исабаев атындағы орталық аудандық кітапханасының
балалар әдебиет бөлімінің ұйымдастырумен “Қош келдің, кітап апталығы” атты апталықтың
ашылуымен басталып, оқырмандар арасында “Кітап – менің адал досым” атты таным сағаты
өткізілді. Шара барысында бейнеролик арқылы кітаптың шығу тарихымен таныстырылып,
“Кітап емханасы” атты шарамен жалғасын тапты, оқырмандарымыз жыртылған кітаптарға көмек
берді. Сондай-ақ, апталық барысында бастауыш сынып оқушыларымен іс-шаралар, саяхат
сабақтар және қызықты квест ойындары өткізілді.
2 сәуір – Халықаралық балаларға арналған кітап күні 1956 жылдан бастап Халықаралық
кеңестің шешімімен жыл сайын дат жазушысы Ганс Христиан Андерсеннің туған күніне орай
белгіленген, ал 1967 жылдан бастап балаларға арналған кітап күні деп аталып келеді.
Бұл шараны өткізудегі мақсатымыз: жас оқырмандарды рухани азық көзі – кітап әлемімен
таныстыру. Кітапхана мен оқырманның ара-қатынасын нығайту, оқушылар арасында кітап оқуды насихаттау.
Кітап – әлемде ешбір теңдесі жоқ ғажайып дүние. Кітап – білім қазығы, өмір азығы болса,
кітапхана – халықты әлемдік өркениетпен таныстыратын, ұлттық болмысымызды әлемдік
руханиятпен табыстыратын қасиетті орда, сана мен ойдың шамшырақ сарайы.