«Дара тұлға» атты таным сағаты


11-сәуір күні Қалмұқан Исабаев атындағы аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінің
ұйымдастыруымен, қазақ даласының ұлы перзенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл
толуына орай Ш.Шөкин атындағы ЖОББ мектебінің 4 А сынып оқушыларының қатысуымен «Дара тұлға»
атты таным сағаты өтті. Шара барысында оқырмандар ұлы ғалымның өмірбаяны мен атқарған
қызметі жайлы мағлұматтармен танысты.