«Ұлына ұлағат қалдырған» атты таным сағаты


Майқайың кітапханасының балалар әдебиет бөлімінде, қазақ халқының мақтанышы,
Қазақстан ғылымындағы геологиялық қызметтің негізін қалаушы, академик
Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдығына орай «Ұлына ұлағат қалдырған»
атты таным сағаты өткізілді. Қаныш Имантайұлы Сәтбаев 1899 жылы 12 сәуірде
Павлодар облысының Баянауыл ауданы қазіргі Сәтбаев ауылында дүниеге келген.
1911 жылы ауыл мектебінде бастауыш білімін алып, Павлодардың орысша-қазақша
училищесіне түседі. Ал 1914 жылы Семейдің мұғалімдік семинариясында оқып,
бітірген соң, ауылында мұғалім әрі халық соты болып бірнеше жыл қызмет атқарады.
Шараның мақсаты, жас оқырмандарға Қ.Сәтбаевтың өмірі және еңбек жолы мен
шығармалары туралы мәліметтер беру, туған жерге деген сүйіспеншілігін,
білімге құмарлықтарын арттыру болды.