«Халықтың ұлы перзенті » атты библиоглобус


Ұзынбұлақ ауылының кітапханасында, «Туған өлкемнің шексіз тарихы» жобасы аясында,
Қазақстан Ғылым Академиясының тұңғыш президенті Қ.И.Сәтбаевтың туғанына 125 жыл
толуына орай «Халықтың ұлы перзенті» атты библиоглобус өткізілді.
Шараның мақсаты: Танымал ғалымның ғылыми идеяларын және мұраларын насихаттау.
Іс-шара барысында кітапханашы көрнекті ғалымның бай ғылыми мұрасы мен мемлекеттік
және қоғамдық қызметі туралы, ғалым геологтың өсіп өркендеген ортасы, оның ойлап
тапқан дүниетанымы туралы мәлімет беріліп, «Бір сырлы, мың қырлы азамат» атты кітап
көрмесіне библиографиялық шолу өтті.