«Ғарыш әлеміне саяхат» атты өнеге сағаты


Қ.Исабаев атындағы аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінің ұйымдастыруымен
12 сәуір күні Ш.Шөкин атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 2 сынып оқушыларымен
«Ғарыш әлеміне саяхат» тақырыбында өнеге сағаты өткізілді.
Мақсаты: Оқырмандарды Қазақстан ғарышкерлерімен таныстыру, ғарышкерлер өмірінен мағлұмат беру,
жер планетасына, ғарыш әлемі жайлы кітаптарға қызығушылықтарын арттыру, балаларды Отанын,
халқын, жерін сүюге, еңбекқорлыққа, адамгершілікке, өз елінің батырларын құрметтеуге тәрбиелеу.