«Қазақтың Қанышы» атты портрет кеші


Үшқұлын ауылының кітапханасында, қазақ елінің ұлы перзенті, ғұлама ғалым
Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойына арналған «Қазақтың Қанышы» атты
портрет кеші өткізілді. Шара барысында Қаныш атамыздың өміржолы мен қызмет
жолына арналған презентация көрсетіліп, оқырмандарымыз кітап галереясымен,
Медеу Сәрсекенің «Сәтбаев» шығармасымен танысты, жас оқырмандарымыз әлем
тұлғаларының академик туралы айтқан сөздері, замандастарының естеліктерінен
үзінді оқыды, шара соңында Қаныш Сәтбаев айтқан әндер орындалды.