«Даламның дана тұлғасы» атты тұлғатану сағаты


Майқайың кітапханасы мен музейі бірлесе М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беру мектебі
және №2 Майқайың жалпы орта білім беру мектебі оқушыларының қатысуымен көрнекті ғалым,
геолог, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Ғылым академиясының негізін қалаушы әрі
оның тұңғыш Президенті, 1964 жылдан КСРО Ғылым Академиясының акдемигі, 1951 жылдан Тәжік Ғылым
академиясының құрметті академигі болған Қаныш Сәтбаевтың өміржолы, оның атқарған қызметтері мен
сіңірген еңбектерін таныстыру мақсатында «Даламның дана тұлғасы» атты тұлғатану сағаты өткізілді.
Шара барысында қазақтың тұңғыш академигі Қ.И.Сәтбаевтың өмір жолы мен зерттеулері жайлы мағлұмат
беріліп, «Әйгілі ғалым» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды. Берілген мағлұматқа
сүйене отыра оқырмандар сұрақтарға жауап берді. Шара Қаныш Сәтбаевтың өмірі мен еңбек жолына
негізделген бейнебаянымен назарларына ұсынылды.