«Әлия рухы – мәңгі асқақ» атты ерлік сағаты


Ақсан ауылының кітапханасы және Д.Рахметов атындағы ЖОББМ‐нің кітапханасымен бірлесе Кеңес
Одағының Батыры, қазақтың аяулы қызы Әлия Молдағұлованың туғанына – 100 жыл толуына орай
«Әлия рухы – мәңгі асқақ» атты ерлік сағаты өткізілді. Қазақтың даңқты қызы Әлия Молдағұлова
артына өшпес із қалдырып, Отан алдындағы міндетін мүлтіксіз орындап, ерлікпен қаза тапты.
Халқының маңдайына біткен батыр қыз Әлия Молдағұлованың бейнесі осылайша ел жадында мәңгілік
сақталып қалды. Аталмыш шара барысында Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың өмірі мен ерлігі
таныстырылды. Оқырмандарға Әлия Молдағұлованың өжеттілігі, қайсарлығы, ерлігі туралы кеңінен айтылды.
Сондай‐ақ, іс‐шараға қатысқан оқырмандар Әлия апамыздың ерлігі туралы өздерінің ойларын қағаз бетіне түсірді.
Шараның мақсаты: Әлия Молдағұлова апамыздың ерлігін жастар арасында, жастарды отансүйгіштікке баулу.