“Қаныш Сәтбаев ғалымнанда артық” атты білім сағаты


Қ.Исабаев атындағы аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде Қаныш Сәтбаевтың
125 жылдығына орай “Қаныш Сәтбаев ғалымнанда артық” атты білім сағаты өтті. Іс‐шараға
Шапық Шөкин атындағы жалпы білім беретін мектебінің 2 «ә» сынып оқушылары қатысты.
Іс‐шара барысында кітапханашы Қ.Сәтбаевтың туған жері мен балалық шағын, білім жолы
мен музыкалық мұрасын таныстырды. Оқушылар Қ.Сәтбаевтың өмірі туралы викториналық
сұрақтарға дұрыс жауап беріп, «Қаныш Сәтбаевтың өмір жолы» атты бейнебаян көрсетілді.
Іс‐шара соңында оқушылар Қаныш Сәтбаев туралы айтып, өз білімдерімен, іс‐шарадан
алған әсерлерімен бөлісті.