«Ғұлама ғалым» атты тұлға тану сағаты


Аймауытов ауылының кітапханасында, «Туған өлкемнің шексіз тарихы» жобасы аясында,
Қазақстан Ғылым Академиясының тұңғыш президенті, геология-минералогия ғылымдарының
докторы Қ.И.Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай, «Ғұлама ғалым» атты тұлға тану
сағаты өткізілді. Іс-шара барысында оқырмандарға қазақтың ғұламасы Қ.Сәтпаевтың өмір
жолы, атқарған қызметтері мен халық үшін сіңірген зор еңбегі өскелең ұрпаққа үлгі
болатындай мағлұмат беріліп, «Ұлттың ұлы тұлғасы» атты кітап көрме қойылып                         
библиографиялық шолу жасалды.