«Ұлтының ұлы перзенті» атты дөңгелек үстел

Мәшһүр Жүсіп ауылының кітапханасында, Академик, геолог, ғалым Қ.И.Сәтбаевтың туғанына
125 жыл (1899-1964) толуына орай «Ұлтының ұлы перзенті» атты дөңгелек үстел, Баянауыл
ауданының Құрметті азаматы Жұмкен Арқалықұлының және де кітапхананың тұрақты оқырмандарының
қатысуымен өткізілді. Іс‐шара барысында ғалымның еңбек жолы мен зерттеулері туралы баяндалды.
«Біртуар ғалым – Қаныш Сәтбаев» атты кітап көрмесі безендіріліп, шолу жасалды. Ғалым геология
саласына зор үлес қосып, елімізде алғаш рет ғылым академиясын құрған. Жастайынан елге, жер
байлығына деген қызығушылығы зор болған. Тұлғаның еңбек жолы бүгінгі өскелең ұрпаққа үлгі.