«Оқы, талқыла, өзгеге ұсын» атты кітап оқу марафоны


Ақсан ауылының кітапханасы және Д.Рахметов ЖОББ мектебінің кітапханасымен бірлесе
«Оқы, талқыла, өзгеге ұсын» атты кітап оқу марафоны өткізілді. Шарада балаларға кітап
оқуды кеңінен насихаттау, оқуға шақыру, жас ұрпақтың бойларына ұлтжандылық, елжандылық
қасиеттерін сіңіру және кітап оқуға шақыру. Іс-шара барысында балаларға биылғы жылы ел
болып оқуды ұсынылған Бердібек Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат», «Жекпе-жек»,
«Менің атым — Қожа», т.б. шығармашылығының маңыздылығы мен тәрбиелік мәні зор ғибрат
алатын әсері жайлы өзара ойлар айтылды. Кітап оқу марафонында көзделген мақсат,
Балалардың кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру болды.