Ақсан ауыл кітапханасы және ауылдық мәдениет үйі бірлесе, Дүниежүзілік кітап және авторлық
құқық күніне орай «Кітап — сенің досың» атты оқылған кітаптар бойынша сұхбат кеш өткізілді.
Балалар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, кітапқа деген ынтызарлықтарын ояту,
классик жазушылар, балалар жазушыларының шығармалары, кітаптарын насихаттау.
Аталмыш шара барысында Баян Дихановна өз сөзінде; Кітап оқу — біздің бабаларымыздың білімін,
тәрбиесін және мәдениетін арттырудың маңызды факторы. Біріміз кітапты ой-өрісті кеңейту үшін
оқысақ, біріміз — жұмыс барысында ақпарат іздеп оқимыз. Кітап оқып демалатындар да бар.
Қандай себеп болмасын, оқу сауаттылық дағдыларын дамыту маңызды екендігі туралы айтылды.
Сондай-ақ, шарамызда классик жазушылардың кітаптары мен балалар жазушыларының кітаптары жайлы
айтылды. Ақын, жазушылардың өмірлеріне тоқталып, балаларға кеңінен түсіндірілді. Балалар
кітаппен таныса отырып, өздеріне таныс, жаттап алған өлеңдерін оқыды. Осыған орай, балалар
оқыған кітаптары жайлы ойларымен бөлісті.