«Оқы және өзгеге ұсын» атты дөңгелек үстел


Аймауытов ауылының кітапханасында, Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай,
«Оқы және өзгеге ұсын» атты дөңгелек үстелі өткізілді. Шара барысында жас оқырмандарға
кітаптың шығу тарихы мен қасиеті жайлы, жас ерекшеліктеріне сай кітапты таңдай білуге
дағдыландыру. Жас оқырмандар оқыған кітаптары жайлы айтып мазмұнымен бөлісті.
«Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге» деп Абай атамыз айтқандай, адам баласы үшін
кітап – тілсіз тәрбиеші екенін алға қоя отырып, өскелең ұрпақтың кітап оқуға деген
қызығушылығын арттыру, кітапты құрметтеуге, білімнің бастауы кітапта екенін ұғындыра
отырып, «Кітап – білімнің қайнар көзі» атты кітап көрме қойылып, шолу жасалды.