«Менің Қазақстаным» тақырыбындағы сурет сайысы


Сәуір айының 16‐30 күндері аралығында Қ.Исабаев атындағы орталық аудандық кітапханасының
балалар әдебиет бөлімінің ұйымдастыруымен «Менің Қазақстаным» тақырыбында сурет сайысы
өткізілді. 1‐Мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастырылған шара 1‐6 сынып
оқушыларының қатысуымен жүргізілді.
Сурет сайысында Жаяу Мұса атындағы өнер мектебінің ұстазы Нұржан Жетпісбаев пен Өміржан Тұрдыгүл
қазылық етіп, жүлдегерлерді анықтады. Сайыс нәтижесі бойынша 1 орын иегері З.Ақышев мектебінің
2″А» сыныбының оқушысы Нұрислам Қабдуали мен Ш.Шөкин мектебінің 4″А» сыныбының оқушы Боранбай
Мейірім атанды. Ал шараның 2 орнымен Ш.Шөкин мектебінің 2″Ә» сыныбының оқушысы Бибі Берікбайқызы
және Ш.Айманов мектеп‐интернатының 5″Б» сыныбының оқушысы Сезім Нұриден марапатталды. 3 орын
алған оқушылар Ш.Шөкин мектебінің 3″Б» сыныбының оқушысы Айя Тян, Ш.Айманов мектеп‐интернатының
5″Б» сыныбының оқушысы Ақбота Көпеева болды.
Сайыс соңында суреттері көзге түсіп, жүлделі орын алған оқушыларға сый‐сияпаттары беріліп,
алғыс хаттары табысталды.