«Бейбіт өмір – ел ертеңі» атты ақпараттық шолу сағаты


1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Мереке қарсаңында Сәтбаев ауылының кітапханасында
«Бейбіт өмір – ел ертеңі» атты ақпараттық шолу сағаты өткізілді. Мұнда оқырмандар назарына елдегі
ұлтаралық татулық пен достықтың көрінісі бейнеленген шағын фильм көрсетіліп, оқырмандарға бірлік
пен ынтымақтың бейбіт өмір тірегі екені түсіндіріліп, осы құнды қазынаны сақтау ұрпақ еншісіндегі
міндеттігі жеткізілді.
Шараның басты мақсаты да осы – өскелең ұрпақты достық, бірлік, Отансүйгіштікке тәрбиелеу. Аталмыш
шараға Шадыра ЖОББ мектебінің оқушылары қатысып әртүрлі ұлт өкілдерінің киім үлгілерін көрсетті.