«Бірлігіміз жарасқан елміз» атты дөңгелек үстелі

Егіндібұлақ ауыл және ЖОББМ кітапханасымен бірлесе 1 Мамыр Қазақстан халықтарының
бірлігі күніне орай «Бірлігіміз жарасқан елміз» атты дөңгелек үстел өткізілді. Бұл іс-шарада
жас ұрпаққа бүгінгі күннің Қазақстан халықтары үшін ерекше күн екендігі жайлы түсіндірілді.
Қазақстан – бүгінде бай республика, оның басты байлығы – халықтар достығының жемісі.
Біздің елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері күні бүгінге дейін ынтымақтастықта, бір үйдің
баласындай тату-тәтті жарасымды өмір сүруінің бірден-бір себебі қазақ халқының кеңпейілділігі,
өзгеге деген сыйластығының арқасы, жастарға осындай маңызды мәліметтер айтылып дәріптелді.
Бүгінгі шараның да мақсаты халықтар арасындағы достықты нығайту, Қазақстанның өркендеуіне
өз үлестерін қосып, патриоттық сезімге баулу.