«Татулық – достықтың киелі бесігі» атты этно-мәдени кеші


1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Майқайың кітапханасында Майқайың өлкетану
музейімен бірлесе «Татулық – достықтың киелі бесігі» атты этно-мәдени кеш өткізілілді.
Іс-шараға «Сырласу» вокал тобы, «Ялкын» татар ұлтының вокал тобы және өзбек ұлт өкілі қатысты.
Шараның мақсаты: Ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып,
татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау. Кітапхана оқырмандарына мерекенің шығу тарихы,
Қазақстан халқы Ассамблеясы сынды теңдесіз ұйымның құрылуы туралы, жалпықазақстандық бірлік моделін
қалыптастыруда оның атқарып келе жатқан маңызды рөлі, сонымен қатар, елімізде тұрып жатқан өзге ұлт
өкілдерінің ортақ мекені болған Отанымыз туралы, ұлттар достастығы жайында кеңінен айтып, өзге ұлт
өкілдері қазақ еліне алғыстарын айтып, бір-бірін бірлік күні мерекесімен құттықтады. Шарада М.Әуезов
атындағы ЖОББ мектебінің оқушылары өлең-жырларын оқып, өз өнерлерін де тарту етті. Шараның тақырыбын
ашу мақсатында ұйымдастырылған кітап көрме де оқырман назарынан тыс қалмады.