“Туған жерімді мадақтаймын” атты дөңгелек үстелі

Ұзынбұлақ ауылының кітапханасында, Қазақстан халқының бірлігі күніне орай
“Туған жерімді мадақтаймын” атты дөңгелек үстел өткізілді. Бір шаңырақ астында
140-қа жуық өзге ұлт өкілдерімен тату-тәтті, ауызбіршілікте тұрып жатқандықтан
араб халқы болып киінген оқырмандармен сұхбат жүргізілді. Оқырмандар араб
ұлтының салты мен дәстүрін таныстырды. Сондай-ақ, біз қашанда өзге ұлтттарды
жатсынбай, бауырымызға басып, бірлікте өмір сүруге міндеттіміз -деген ойларын
білдірді. Қазақстан халқының татулығы мәңгі болсын!