“Ынтымағы жарасқан елміз” атты кеш

1 Мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Мұса Шорман ауылының кітапханасында
мектеп кітапханашысы Балжан Солтанқызымен бірлесе отырып “Ынтымағы жарасқан елміз” атты
тақырыпта кітапхана оқырмандарының қатысуымен кеш өткізілді. Қатысқан оқырмандарға
бүгінгі күннің Қазақстан халықтары үшін ерекше күн екендігі айтылып түсіндірілді. Ел ішінде
тұрып жатқан әр ұлттың дін өкілдерінің бір-біріне деген қарым қатынастары туралы да айтылды.
Іс-шараға қатысқан оқырмандар әр ұлттың билерін билеп жыр шумақтарын ортаға салды.