«Қазақстан достық мекені» атты дөңгелек үстелі

Ақсан ауылы кітапханасы және Д.Рахметов атындағы ЖОББМ кітапханасымен бірлесе, Қазақстан халқының
ынтымағы мен бірлігі мерекесіне орай «Қазақстан достық мекені» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты: Көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы — еліміздің бірлігінің кепілдігі
екендігін таныту. Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін балалардың жүрегіне өз ұлтының
тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеу мақсатында өтті. Мамыр
айының алғашқы күні Қазақстанда мейірімді және жарқын мерекелердің бірі болып табылатын «Қазақстан
халқының бірлігі күні» Бұл 150-ден астам ұлттар мен ұлыстар өмір сүретін елде бейбітшілік қажет
болатын достық пен түсіністіктің және келісімнің мерекесі. Бұл күн ерекше, өйткені 1-Мамыр Қазақстан
халықтарының бірлігі күні мерекесі қарсаңында «Қазақстан достық мекені» атты дөңгелек үстел өткізіліп
отыр. Аталмыш іс-шара барысында Д.Рахметов атындағы ЖОББМ кітапханашысы: 1-Мамыр Қазақстан халқының
ынтымағы мен бірлігі мерекесі. Қазақстан түрлі ұлттардың басын қосқан ұлы мекен. Олардың салт-дәстүрлері,
тілі мен мәдениеті жоғалмас үшін қолайлы жағдай жасалған. Сондай-ақ, бейбітшілік татулық, достық ұғымдарын қалыптастыру жайлы кеңінен айтылды.