«Бірлігі жарасқан — Қазақстан» атты дөңгелек үстелі

Мәшһүр Жүсіп ауылының кітапханасында, 1-Мамыр Қазақстан халқының бірлігі
күніне орай «Бірлігі жарасқан — Қазақстан» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан
әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып,
қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!