«Ел тірегі – сарбаздар» атты патриоттық әндер кеші

Қаражар ауылының кітапханасында 7 Мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай, жас
оқырмандар арасында «Ел тірегі – сарбаздар» атты патриоттық әндер кеші өткізілді.
Кештің мақсаты: Оқырмандарға өз Отандарын сүюді, туған еліне және жеріне деген
сүйіспеншілікті, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуды насихаттау.