«Мәңгілік ел ұландары» атты патриоттық сағаты

Отан қорғаушылар күніне орай Майқайың кітапханасы, Майқайың өлкетану музейімен бірлесе
«Мәңгілік ел ұландары» атты патриоттық сағаты №2 Майқайың ЖОББ мектебінің 10 сынып
оқушыларының қатысуымен өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: Оқырмандарға Қазақстандағы қарулы күштер туралы түсінік беру, әрбір
азаматтың Отан алдындағы борышы және міндетін өтеу парыз екенін түсіндіру, туған жерге,
елге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, адамгершілікке, мейірімділікке насихаттау.
Сонымен қатар, шара барысында «Егеменді ел қорғаны – қарулы күштері» атты кітап көрмесі
ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды, мектептің алғашқы әскери дайындық пәнінің
мұғалімі Х.Х.Искаковтың құттықтау сөзімен жалғасып, өлкетану музейінің қызметкерлері
«Егемен елім» әндерін сыйға тартты, Серікжан Б. «Самға» өлеңімен құттықтауын жеткізді.
Шара сонында қатысушылар өз тілектерін айтып, Отан қорғаушылар күнімен құттықтады.