«Ұранды елдің – ұрпағы қайсар» тақырыбындағы кездесу

Егіндібұлақ ауылының кітапханасында ауыл кітапханашысы және ауылдық клуб ұжымы бірлесе,
Отан қорғаушылар күніне орай «Ұранды елдің – ұрпағы қайсар» атты кездесу өткізілді.
Отан қорғаушылар күні «Қазақстан Республикасының мерекелер туралы» Заңында көрсетілген
тоғыз ресми мерекенің қатарына кіретін мемлекеттік мереке. Айтулы күнге орай, ауыл
кітапханасында ауылымыздың тұрғыны Ауған-тәжік қақтығысының ардагері Жұмагелдин Есенаман
Тимашұлымен ауыл жастары арасында кездесу кеші ұйымдастырылды. Бұл игі іс-шараның мақсаты
кеш қонағы Есенаман Тимашұлының әскери қызметін атқару жолындағы еңбегін жас ұрпаққа
үлгі-өнеге ету, ұлттық рухты патриоттық сезімге баулу.