Сәтбаев ауылының кітапханасында, 7 Мамыр — Отан қорғаушылар мерекесіне орай,
“Егемен елдің қорғаны — Қарулы күштер” атты патриоттық кеш өткізілді. Шара
барысында жас оқырмандарға ҚР-ның Қарулы күштері жайлы ақпарат таныстырылды,
7-мамыр датасының маңыздылығы туралы айтылды. Қатысушылар өз кезегінде патриоттық
өлең оқудағы талаптарын ортаға салды.