«Ер мен жердің Жеңісі» атты тарихи сағаты

Ақсан ауылының кітапханасы және Ақсан мәдениет үйімен бірлесе Ұлы Жеңіс күніне орай
«Ер мен жердің Жеңісі» атты тарихи сағат өткізілді.
1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысында неміс басқыншыларын талқандауда Қазақстан халқының
майданда және тылда көрсеткен ерен ерліктерін паш ету, жас ұрпақты ұмытпауға,
отансүйгіштікке елжандылыққа насихаттау.
Жеңіс күні — еліміз үшін орны ерекше мереке. Нағыз ұлтшылдықты оятатын, рухани сезім
беретін, тарихымызды ескеріп, сол жеңісті сыйлаған ардагерлерге бас иетін жеңісті күн
екені туралы айтылды. Елі үшін өзің құрбан еткен сол соғыстағы ата — апаларымыздың
ерлік істері мәңгі өлмейді.
Аталмыш іс-шараға қатысқан оқушылар өз кезегінде өлеңдерін оқып, ортаға салды.