«Ұлы халықтың ұлы тұлғасы» атты портрет кеші

Қ.Исабаев атындағы орталық аудандық кітапханасында «Атамекен» клубы аясында өзінің 80 жылдық ғұмырын қазақ
халқының болмысын ашып, тарихын зерттеуге арнаған көрнекті ғалым, Қазақстан археологиялық мектебінің негізін қалаушы, Филология ғылымдарының докторы Әлкей Хақанұлы Марғұланның 120 жылдық мерейтойы аясында «Ұлы халықтың
ұлы тұлғасы» атты портрет кеші өткізілді.
Айтылып өткен шараға Ш.Шөкин және Ш.Айманов, З.Ақышев атындағы мектептің 10 сынып оқушылары жаппай қатысты.
Кеш қонағы ретінде Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің экскурсия жөніндегі нұсқаушысы, мемлекеттік инспекторы, ауданымыздың Құрметті азаматы Алтынбек Жұматұлы Курманов арнайы шақырылып, көпшілікпен Әлкей
Хақанұлы жайлы тың мәліметтерімен бөлісті. Сонымен қатар, оқушыларға Әлкей Марғұланның келешек ұрпаққа өңеге ретінде қалдырып кеткен қолжазбаларынан жинақталып, басылымға шыққан «Олжабай батыр» және 14 томдық негізгі еңбектерінен тұратын туындысы таныстырылды.
Бүгінгі күні ғалымның қызы Дәнел Әлкейқызы Медицина ғылымының кандидаты атанып, әкесінің ізінше гуманитарлық
салаға бет бұрған. Өзіңе өсиет болып қалған қолжазбаларын жинақтап, мұрасын насихаттауда үлкен еңбек етуде.