«Отбасы — адамгершіліктің алтын қазынасы» атты қонақжай кеші

Майқайың кітапханасында 15 мамыр — Халықаралық Отбасы күніне орай
«Отбасы — адамгершіліктің алтын қазынасы» атты қонақжай кеші өткізілді.
Отбасы – тұлға тәрбиелеудің және оны қоғамның сан қырлы жақтарын игеруіне
мүмкіндік туғызатын ең алғашқы әлеуметтік орта. Отбасы шағын мемлекет.
Оның тірегі әке мен ана. Үлгілі жанұя үлкен қазына.