“Ғұлама ғұмыр ғибраты” атты тарихи кеш

Ақсан ауылының кітапханасы және Д.Рахметов атындағы ЖОББ мектебі кітапханасының
бірлесе ұйымдастыруымен Археолог, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, өнертанушы,
филология ғылымдарының докторы, академик, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген
ғылым қайраткері Әлкей Хақанұлы Марғұланның туғанына 120 жыл толуына орай
“Ғұлама ғұмыр ғибраты” атты тарихи кеш өткізілді. Кеш барысында оқушыларға Әлкей
Хақанұлының келешек ұрпаққа өңеге ретінде қалдырып кеткен қолжазбаларының
жинақталып басылымға шыққан “Олжабай батыр”, үш томдық шығармалары, негізгі
еңбектерінен тұратын туындыларымен таныстырылды. Қазақ даласының сұлулығы мен ежелгі
қалалардың кереметіне Ә.Хақанұлы әрдайым бас иіп, үлкен ілтипатпен қараған.
Әлкей Марғұлан тарихи шындықтың бетін ашып, сара жол салған ғалым.