“Біз бақытты баламыз” атты мерекелік кеш

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Мұса Шорман ауылының кітапханасы
Қаныш Сәтбаев атындағы мектеп ұжымымен бірлесе отырып ауылымыздың ойын
алаңында “Біз бақытты баламыз” атты тақырыпта кеш өткізілді. Ауыл әкімі
Мейіржан Ержанұлы қатысып жас бүлдіршіндерді мерекелерімен құттықтады.
Жас жеткіншектер өз өнерлерін ортаға салып, әртүрлі ойындар ойнатылды.
Сондай-ақ, балмұздақ пен тәттілер таратылды. Демеушілік жасаған
кәсіпкерлерге зор алғысымызды білдіреміз!