“Мемлекеттік рәміздердің мәртебесі” атты дөңгелек үстелі

4 маусым — ҚР Рәміздерінің күніне орай Жұмат Шанин ауылының кітапханасында,
мәдениет үйінің ұжымы, тарих пәнінің мұғалімдері және тұрақты оқырмандардың
қатысуымен “Мемлекеттік рәміздердің мәртебесі” атты дөңгелек үстел өткізілді.
“Рәміздер ел беделі” атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты: оқырмандардың мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін тереңдете
отырып, саяси сауаттылықтарын арттыру, рәміздердің маңыздылығын ұғындыру.