“Мемлекеттік рәміздер — ел болудың белгісі” атты таным сағаты

Ақсан ауылының кітапханасы және мәдениет үйінің бірлесе ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік рәміздер күніне орай “Мемлекеттік рәміздер — ел болудың белгісі” атты таным сағат өткізілді.
Мақсаты: Мемлекеттік рәміздер туралы оқырмандардың білімдерін тереңдете отырып, рәміздердің маңыздылығы
туралы кеңінен түсінік беру. Қазақстандықтардың Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұранға деген терең құрмет
сезімін қалыптастыру. Шара барысында “Тұғырлы тәуелсіздігіміздің символы болған ел Рәміздері тарихына”
шолу жасалып, Рәміздердің авторлары, мағынасы мен маңыздылығы туралы кеңінен насихатталды. Сондай-ақ,
қатысқан оқырмандарымыз патриоттық тәрбие бастауы төңірегінде ой-пікірлерімен бөлісіп, өлең шумақтары оқылды.