«Рәміздер – ел беделі» тақырыбындағы патриоттық сағат

4 Маусым – Мемлекеттік рәміздер күні. Рәміздер – Отанымыздың елдігін, ұлттық болмысымыздың,
дербестігіміз бен тәуелсіздігіміздің белгісі.
Қазақстанның тұңғыш рәміздері – Ту мен Елтаңба 1992 жылдың 4 маусымында қабылданған.
Бұл рәміздер мемлекетіміздің өткені мен бүгінін оның болашағын сабақтастыратын нышаны, тарихы.
Осы орайда, Қ.Исабаев атындағы орталық аудандық кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінде
«Рәміздер – ел беделі» патриоттық сағаты өткізілді. Шара оқырмандармен әнұран айтудан бастау
алды. Сондай-ақ, шара барысында рәміздер жайлы видеоролик көрсетіліп, сұрақтар қойылып,
оқырмандар тақырыпқа сай сурет салды.