«Қасиет тұңған қастерлі құндылықтар» атты кеш

Майқайың кітапханасында балалар әдебиет бөлімімен бірлесе 4 маусым – Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Рәміздер күніне орай «Қасиет тұңған қастерлі құндылықтар» атты тақырыптық кеш өткізілді.
Мақсаты: Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту, рәміздердің пайда болуы және тарихтағы
маңызы жайлы түсініктерді дамыту, жас ұрпақты Отансүйгіштікке, адамгершілікке, халқына адал қызмет
етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге насихаттау.
Шара барысында Рәміздер туралы деректер берілген «Мемлекеттік рәміздер – ұлттың айшықты таңбасы» атты
кітап көрмесі таныстырылып, библиографиялық шолу жасалды.