«Бір өлке – бір тарих» атты ерлік сағаты

Майқайың кітапханасында, қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына орай
«Бір өлке – бір тарих» атты ерлік сағаты өткізілді. Әлия туралы жазылған көркем шығармалар,
деректі жазбалар, естеліктерін оқығанда жас қыздың өз Отанын шексіз сүйгендігін, халқына бар
жан-тәнімен қызмет қылуға ұмтылысын көресіздер. «Қазақтың батыр қызы» атты бейнероликта Әлия
Молдағұлова артына өшпес із қалдырып, Отан алдындағы міндетін мүлтіксіз орындап, ерлікпен қаза
тапқанын көруге болады. Әлияның бейнесі осылайша ел жадында мәңгілік сақталып қалды.
Шара барысында «Әлия – қаһармандық дастаны» кітап, фото көрмесі таныстырылып,
библиографиялық шолу жасалды.