Майкөбе ауылының кітапханасында “Кешкі кітапхана” жобасы аясында, Қазақтың халық ақыны
Фариза Оңғарсыноваға 85 жыл толуына орай “Поэзия падишасы” атты тұрақты оқырмандардың
қатысуымен поэзия кеші өткізілді.
Фариза Оңғарсынова 1939-шы жылы 25-ші желтоқсанда Гурьев (қазіргі Атырау) облысы, Новобогат
ауданына қарасты Манаш ауылында туған. Фаризаның әкесі Оңғарсын Иманғали (1891–1940) оқыған,
елге қадірлі азамат болған. Қазіргі Атырау облысында алғаш балық шаруашылығын ұйымдастырған
кісі. Ал анасы Халима Иманғалиева (1893–1976) арабша хат танып, қазақ ауыз әдебиетін жақсы
білген. Ақын қыз үйдің кенжесі, бауырларының біразы жастай қайтыс болған. Әкесі жүрегі ауырып
ерте көз жұмды, ал анасы 70-ші жылдары дүниеден өткен. Бала күнінен ақындық қасиетін көрсетіп,
өзіне әсер еткен жағдайларға байланысты өлең шығаратын болған.