«Жазғы оқудың құпиялары» атты әдеби круиз

2024 жылдың 12 маусым күні кітапханамызда балалардың жазғы демалысына орай оларға көтеріңкі көңіл-күй
сыйлап, шығармашылық қабілеттерін шыңдау мақсатында «Жазғы оқудың құпиялары» атты әдеби круиз өткізілді.
Кітапханашы балаларға кітапхана ережесімен таныстырып, жалпы мағұлматтар беріп өтіп «Көп оқып, көп
білуге ұмтыл» атты кітап көрмесіне қойылған әдебиеттермен таныстырып, әдебиеттер әлеміне саяхат жасады.
Оларға «Ертегілер елінде», «Әлем балалар әдебиетінің қазынасы», «Алтын классика» атты сериялармен шығатын
ең қызықты деп танылған ертегілер, танымдық әдебиеттер, сонымен қатар балалардың сансыз сұрағына жауап
беретін көркем суретті энциклопедиялар ұсынылды.
Өткізілген шара оларды қатты кызықтырып, үлкен әсер қалдырып, балалар қызықты кітап әлеміне қайта келіп
тұруға ниеттерін білдірді.