Ақсан ауылының кітаханасында «Бір ел — бір кітап» 2024 Республикалық акциясы аясында,
балалардың арнайы жазушысы, ақын, сценарист Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған
«Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты әдеби кеш өткізілді.
Шараның басты мақсаты — қазақ әдебиетін насихаттау, қоғам мүшелерін кітап оқуға деген
қызығушылықтарын арттыру, «Бір ел — бір кітап» Республикалық акциясы оқу мәдениетін
қалыптастырумен бірге, қазақ классиктерін кеңінен насихаттау.
Аталмыш шара барысында оқырмандарға Б.Соқпақбаевтың өмірі мен шығармаларына және повестеріне
жеке‐жеке тоқталып, түсінік берілді. Сондай‐ақ көрнекті туындылары таныстырылды. Б.Соқпақбаевтың
өміршең шығармалары әлі күнге дейін сұранысқа ие екені айтылды. Б.Соқпақбаев өзінің шығармашылық
жолын балаларға өлең жазудан бастаған кейін прозалық шығармалары арқылы балалардың сүйікті
жазушысына айналғанын, сондай‐ақ балаларға арналған бірнеше сценарий, пьесса жазғаны туралы кеңінен айтылды.