Мұса Шорман ауылының кітапханасы мен клуб ұжымы бірлесе отырып кітапхана оқырмандарының қатысуымен
Әкелер күніне орай “Әке — асқар тау” атты дөңгелек үстел өткізілді. Шара барысында қатысқан оқырмандарға
әкенің балаға деген тәрбиелік мәні жөнінде айтылып, сұрақ-жауап болды. Сондай-ақ, әкеге қарап ұл өсер
дегендей, әке мен бала арасында шахмат ойыны ойнатылды. Шара отбасы тәрбиесінде әкенің балаға тәрбиелік
ықпалын одан әрі арттыру, Тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі
мүмкіндіктерінің жоғары екендігін және бүгінгі заман талабынан шығатынын дәлелдеу мақсатында өткізілді.