«Менің кітапханадағы алғашқы күнім» атты балалар күні

Мектепке дейінгі кезең – адам өміріндегі ең маңызды уақыт. Өйткені осы кезде баланың
бойындағы табиғи бар дарындылық жан-жақты дами бастайды.
Қ. Исабаев атындағы аудандық кітапханасының балалар әдебиет бөлімінде «Болашаққа кітаппен
барар жол» жазғы кітапхана жобасы аясында «Менің кітапханадағы алғашқы күнім» атты мектеп
жасына дейінгі балалар күні өтті. Кітапханаға келген «Балапан» балабақшасының кішкентай
тәрбиеленушілер бүлдіршіндерге арналған әр түрлі қызықты кітаптармен танысты. Оларды
«Негештің жазығы» атты танымдық-ойын күтіп тұрды, онда «сиқырлы кітаптан» шыққан заттар
бойынша қай ертегі екенін тауып, ертегілер әлеміне саяхат жасады. Кітапханадағы мектеп
жасына дейінгі балаларға арналған кездесу көңілді әрі қызықты өтті.