Аймауытов ауылының кітапханасында оқырмандардың қатысуымен, Археолог-ғалым, тарих ғылымдарының
докторы, Ұлы Отан соғысының қатысушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері
Кемел Ақышұлы Ақышевтің туғанына 100 жыл толуына орай “Кемел адам” атты кітап көрме қойылып,
”Көрнекті археолог” атты тұлға тану сағаты өткізілді. Іс-шара барысында Кемел Ақышевтің өмір
жолы археология ғылымымен тығыз байланыста екенін, еңбегінің маңыздылығы, ғалымның идеялары
мен жариялаған материалдары ұзақ жылдар бойы әлемдік ғылымның назарында болғаны жайлы мағлұмат
берілді. Мақсаты: К.Ақышевтің ғылыми еңбегі мен қызметін насихаттау, өскелең ұрпақтың патриоттық
сезімін ояту, ұлттық тарихқа деген сүйіспеншілікке баулу.