“Қазақ поэзиясының құлагері” атты әдеби кеші

Ақсан ауылының кітапханасында ақын, поэзия мен проза, драматургия және сын мен аударма
салаларында жиырмадан аса кітап шығарып, артынан аса бай әдеби мұра қалдырған
Ілияс Жансүгіровтың туғанына – 130 жыл толуына орай “Қазақ поэзиясының құлагері” атты
әдеби кеш өткізілді. Кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен жүргізілген іс-шара
аясында әдебиет сүйер оқырмандар ақынның әр тақырыптағы өлеңдер топтамасына саяхат жасады.
Мақсаты: Қазақ әдебиетінің талантты ақыны Ілияс Жансүгіровтың ақындық талантын оқырмандардың
жүрегіне ұялату, оқу дағдысын жетілдіре отырып, рухани танымын арттыру.