Жалғызқайын ауылының кітапханасы және клуб ұжымының бірлесе ұйымдастыруымен, көрнекті ақын
Сағи Жиенбаевтың туғанына 90 жыл толуына орай “Ердің серкесі — Сағи Жиенбаев” атты портрет
кеші өткізілді. Сағи Жиенбаев алпыс жыл жасап, артына асыл ізін, сәулелі ізін қалдырды.
Шара барысында әдебиет сүйер қауым Сағи Жиенбаевтың “Нан мен тұз” кітабына еңген өлеңдерімен
таныс болды. Шара соңында Ескендір Хасанғалиевтің Сағи Жиенбаевтың
сөзіне жазылған “Айналдым елім“ әні қойылды. Қазақ халқының ыстық
ықыласына бөленген ән, біздің рухани қазынамыз.