Ұлттық домбыра күніне орай Майқайың кітапханасы және балалар әдебиет бөлімінің ұйымдастыруымен
«Бабамыздың үні сенсің — домбыра» атты әдеби-музыкалық композиция өткізілді.
Мақсаты: Ата-бабамыздан қалған асыл мұрамызды құрметтеу, күйшілік өнерін өскелең ұрпаққа,
өнер сүйер жұртшылыққа кеңінен насихаттау, жас таланттар мен шебер орындаушыларды табу,
дарынды өнерпаздардың кәсіби шеберліктерін арттыру.
Іс — шара барысында домбыра үйірмесінің ардагер ұстаз Нұрғали Рахымғали Ниязбекұлы мерекенің
маңызы туралы айтып, одан әрі домбыраның шығу тарихы мен оның құрылымы туралы түсінік беріліп,
тақырыпқа орай сұрақтар қойылып, жұмбақтар жасырылды және оқырмандар домбыра туралы өлеңдерін
оқыды, сонымен қатар Құрманғазы Сағырбайұлының «Балбырауын», Әбдімомын Желдібаевтің «Ерке сылқым»,
Дәулеткерей Шығайұлының «Желдірме» күйлері орындалды.
Шара соңында «Ұлы ұлттың домбырасын ұлықта» кітап көрмесіне шолу жасалды.