«Нұрын төккен – Астана» атты медиасаяхат

«Болашаққа кітаппен барар жол» атты жазғы кітапхана жобасының аясында, Астана күніне орай
балалар әдебиет бөлімінің ұйымдастыруымен «Нұрын төккен – Астана» атты медиасаяхат өтті.
Шараға Ш.Айманов атындағы гимназия мектеп‐интернатының «Тұлпар» жазғы сауықтыру лагерінің
оқушылары қатысты.
Шара барысында оқырмандар Астана қаласының шығу тарихы мен әсем жерлерін баяндайтын
бейнероликпен танысып, өздері Елорданың қай жерлерінде болғандары туралы айтып берді.
Шараның мақсаты: Астана қаласы туралы ақпарат бере отырып, кітапхана қорындағы
әдебиеттермен таныстыру. Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елін,
отаның сүйетін патриот болуға тәрбиелеу.