“Астана ару қала” атты сурет сайысы

Аймауытов ауылының кітапханасында, Астана күніне орай “Астана ару қала” атты сурет сайысы өткізілді.
Шара барысында ”Астанам – мақтанышым” атты көрмеге шолу жасалып, жас оқырмандарға Астана жайлы
кітаптар ұсынылып, өлеңдер оқылды. Астананың бедері мен әсемдігі, қаланың болашағы туралы ойлар
қозғалып, кішкентай оқырмандар “Астана ару қала” тақырыбында сурет салып, өз шығармашылықтарын шыңдады.
Мақсаты: Болашақ ұрпақтың Астана жайлы білімдерін шыңдап, оның қалыптасу тарихымен таныстырып,
ой-өрістерін дамыту, дүниетанымын кеңейту, Отансүйгіштік пен патриоттық сезімдерін ояту.