“Нағыз қазақ – домбыра” атты өнер сағаты

Қаражар ауылының кітапханасының ұйымдастыруымен домбыра күніне орай
“Нағыз қазақ – домбыра” атты өнер сағаты өткізілді. Мақсаты: Домбыра
аспабының құрылысымен таныстыра отырып, домбыраның ән-күй өнеріндегі
алатын орнын түсіндіру. Өз ұлтына, қоршаған ортаға деген
көзқарасын кеңейту.