“Нағыз қазақ домбыра” атты өнер сағаты

Мұса Шорман ауылының кітапханасында “Домбырам асыл мұрам” атты
кітап көрме безендіріліп, клуб ұжымымен бірлесе отырып “Нағыз
қазақ домбыра” атты өнер сағаты өткізілді. Кітапханашы Жанаргүл
Мұқатайқызы қатысқан оқырмандарға домбыра туралы мәлімет беріп,
домбыра қасиетті аспап екені жайында мәлімет беріп, музыка
пәнінің мұғалімі Нұрдос Нұртасұлы мен Клуб басшысы Омаров Болат
бірлесе отырып қазақтың дәстүрлі әндерін айтты. Мәдени сауатты,
қазақтың аспаптық музыкасын терең түсінетін, құрметтейтін, өресі
биік, халқымыздың ұлттық аспабы домбыраны қастерлейтінін
дәріптеп насихатталды