“Болашаққа кітаппен барар жол” жазғы кітапхана жобасы

🌞 Жаз-балалардың асыға күтетін тамаша мезгілі. Жазғы демалыс-оқушылардың
мектептегі сабақтан гөрі еркіндікте болып, өзі үшін қызықты істерді жасап
және өз мүдделерінің еркін дамуы үшін қажеттіліктерін жүзеге асыратын кезең.
🎉 Балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, көтеріңкі көңіл-күй сыйлау,
кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында Қ.Исабаев атындағы аудандық
кітапхананың балалар әдебиет бөлімі “Болашаққа кітаппен барар жол” жазғы
кітапхана жобасы аясында З.Ақышев атындағы ЖББОМ “Алау” жазғы сауықтыру
лагерінің оқушылары кітапханаға саяхат жасады.
🎈 Кітапханада саяхат барысында балалар көптеген жаңа және қызықты кітаптармен
танысты, көптеген жағымды эмоциялар мен жарқын әсерлер алды.